Мектеп жасына дейінгі балаларды жалпыға міндетті біліммен және тәрбиемен қамтамассыз ету өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Мектепке дейінгі ұйымның негізгі мақсаты мен міндеті:
заманауи қоғамның талаптарына сай, жан –жақты дамыған ұлттық сезімі бар азаматты тәрбиелеу.
Жаңа білім беру мазмұны әлемдік кеңістіктегі оқытудың алдыңғы қатарлы технологияларын қамтиды. Сондықтан біз М.Монтессори әдісі арқылы бала дамуының негізгі ірге тасын өз балабақшамызда қалауға алдымызға міндет қойып отырмыз.
Технология ерекшелігі:
балаға деген көзқарас пен қарым-қатынасында, баланы қайталанбайтын өзіндік көзқарасы, алға қойған мақсаты-мұраты бар тұлға ретінде қалыптастырады.
Технология мақсаты:
Технология міндеті:
Бұл технологияның мақсатты бағыттары:
Тұжырымдамалық жағдайы:
Әдістеменің ұраны:
«Мұны өзіме жасауға көмектес!»
Тәрбиеші-мұғалім емес, жетекші мәжбүрлемеу керек , тіркеп қою керек; жалқауланбау, баланың мүмкіндігін ашуға көмектесу қажет.
Пайдаланудың тиімділігі
бала өзінің даму ортасында еркін, өз пікірін алға тарта отырып жұмыс жасайды.
Әдістің маңыздылығы:
өзін –өзі тәрбиелеуге, өзін –өзі оқытуға және өзін –өзі дамытуға ынталандырады
Әдістің мәні:
балалардың педагогпен өзара әрекеттестік жасай отырып, дайындалған ортада еркін жұмыс істеуі
Атқарылған жұмыстар:
Жаңа технологиялар –бұл белгіленген тәрбие мен оқыту мақсаттарына жетуге бағытталған жаңаша оқыту құралдарының, оқыту мен тәрбиенің стандартты емес, заманауи әдістері мен оңтайлы тәсілдерінің жүйесі. Дәстүрлімен салыстырғанда жаңа білім беру үрдісіндегі педагогикалық қызмет маңызының елеулі айырмашылықтары бар. Балалармен ұйымдастырылған оқу қызметінде жаңа технологияларды қолдану педагогтан арнайы дағдыларды, жұмыс тәсілдерін талап етеді.
2018 жылының бірінші жартысында «МДҰ іс-тәжірибе алмасу» атты аудандық семинар өтіп, белсене қатысқан тәрбиешілер алғыс хаттарымен марапатталды. Қалалық семинарда біздің балабақша әдістемелік көмек көрсету ретінде семинар - практикум ұйымдастырып, қала әкімінен тәрбиешілер алғыс хат иеленді. «Құлыншақ» ерекше білімді қажет ететін балалар тобымен жеке-жеке аудандық семинар өткізілді, тәрбиешілерге алғыс хаттар берілді.
2018-2019 оқу жылдары «Балдәурен» балабақшамыз Көкшетау қаласындағы Ж.Мусин атындағы жоғарғы педагогикалық колледж арасында «МДҰ инновациялық технологияларды дамыту» атты мемарандумға отырып, келісім шартқа қол қойылды.
2019 жылы «МДҰ инновациялық технологияларды дамыту» бойынша облыстық Ж.Мусин атындағы жоғарғы педагогикалық колледжбен алғашқы семинар практикум өткізілді. Біздің балабақшадан тәрбиеші Молдахметова Т.С және Шадет А ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін өткізді, Махшаннай З хас-шебер көрсетті, тәрбиешілерге колледж директор атынан осы іс-шараға ат салысқан үшін Махшанай З, Молдахметова Т.С дипломмен марапатталды. 2019 жылы осы тақырып бойынша қорытынды облыстық семинар өткізілді семинар барысында аудандық білім бөлімінің әдіскерлері, балабақша әдіскерлері, және аудан бойынша МДҰ тәрбиешілері қатысты семинар соңында аудандық әдістемелік кабинетінің әдіскері Г.Р Баитоваға алғыс хат берілді.
Тәрбиелеу мен білім беру қызметіндегі инновация –бұл нәтижеге бағытталған білім беру қызметінде жаңа білімді, әдістерді, тәсілдерді қолдану. Баланың толыққанды шығармашыл тұлғасының дамуына қажетті білім, білік және дағдыларды қалыптастыратын ең қолайлы жағдаймен қамтамасыз ету. Балаларда мәдени мінез –құлықты, логиканы, тілгеи қызығушылықты дамытуға бейімдейді. Осы технологиямен Монтессори техгологиясы да бір –бірімен тығыз байланыста.
2021-2022 оқу жылында педагогтеріміздің біліктіліктерін көтеру жұмыстары өз жалғасын тапты. Оқу жылының басында «Балдәурен» бөбекжайының 4 педагогтарымыз жазғы уақытта 80 сағаттық Қазақстан Республикасының МДҰ мамандарының біліктілігін арттыру «Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім берудің психологиялық – педагогикалық негіздері» тақырыбында біліктіліктерін көтерді.
Балабақша меңгерушісі Оспанова Гулназ Мамаевна педагогикалық шеберлік арттыру орталығында мектепке дейінгі ұйым басшыларының біліктілігін арттыру курсынан өтті. Биылғы оқу жылында біліктілікті арттыру курстарының барлығы қашықтықтан өткізілді. Балабақшамыздан 15 педагог ҚР білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» АҚ «Мектепке дейінгі білім беру процесін 4k моделін енгізу» тақырыбында семинар (вебинар тренингте 8 сағат көлемінде білім алды. Жыл басында педагогтарымыз ҚР білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» АҚ «Педагогтердің цифрлық құзырлығын дамыту» тақырыбында біліктілікті арттыру курсынан өтті.
Әдіскеріміз Дана Зоя «Қазіргі кезеңдегі жастарды рухани – адамгершілік тұрғыда тәрбиелеу семинарына қатысты » тақырыбындағы Республикалық семинарға қатысты сертификатқа ие болды. Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде ұйымдастырылған Ұлт кемеңгері А.Байтұрсынұлы 150 жылдығына орай, «Ахмет Байтұрсынұлы тағылымы: ізденіс, тәжірибе және перспектива» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияға меңгерушіміз Оспанова Г.М шақырту алды. Ал балабақшамыздан 5 педагогтары Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі ұйымдастырумен «Ахмет Байтұрсынұлы тағылымы: ізденіс, тәжірибе және перспектива» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып өз тәжірибесімен бөліскені үшін сертификаттар берілді. Және 5 педагогіміз Республикалық ғылыми-педагогикалық, әдістемелік «DIDAKTIKA» өз тәжірибесімен бөлісіп, әдістемелік материалын жариялағаны үшін сертификаттар берілді. «Мектепке дейінгі тәрбиемен оқыту жүйесі педагогтерінің облыстық форумына» тәрбиеші Хуандық А қатысушы болды. «Мектепке дейінгі тәрбиемен оқыту жүйесі педагогтерінің аудандық форумына» 1 секциясының жұмысында балабақша әдіскеріміз Дана З «Заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы кәсіби шеберлігін арттыру» істәжірбиесімен бөлісті, 2 секцияда балабақша меңгерушісі Оспанова Г.М «Мектепке дейінгі білім беру ұйымының қызметін басқаруды жетілдіру мәселелері бойынша» өзінің іс-тәжірбиесімен бөлісті.
Балабақша тәрбиешісі Махшанай З Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі ұйымдастырумен «Мекемелерде өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асыру жолдары» атты облыстық онлайн семинарға қатысып, өзінің озық тәжірбиесімен бөліскені үшін сертификат берілді. ҚР Білім және Ғылым Министірлігі «Өрлеу біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» балабақша 4 педагогтарымыз «Мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру қызметінің сапасын бағалау негізінде заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны жобалау» тақырыбында 72 сағат көлемінде курстан өтіп сертификат берілді.
Педагогтардың жетістіктері:
|
Тақырыбы |
қатысушы |
жетістігі |
|
«Үздік балабақша-2021» аудандық байқауы |
балабақша |
3 орын 2021 ж |
|
«Үздік балабақша-2021» аудандық байқауына белсене қатысқанфы үшін |
Дана З |
Алғыс хат 2021 ж |
|
Аудандық кәсіподақ ұйымынан «Білім беру жүйесіндегі адал жұмыс атқарғаны және кәсіби қызметте қол жеткізген нәтижелері үшін» |
Дана З |
Мадақтама 2021 ж |
|
Аудандық білім бөлімімен «Білім беру саласындағы адал еңбегі, кәсібилігі, лауазымдық міндеттерін сапалы орындаған үшін» |
Хуандық А |
Мадақтама 2021 ж |
|
Аудандық Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай онлайн форматта өткізілген аудандық «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік тірегі» атты эссе байқауы |
Хуандық А |
Диплом 2021 ж |
|
Аудандық Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай онлайн форматта өткізілген аудандық «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік тірегі» атты эссе байқауы |
Жантемир А |
Диплом 2021 ж |
|
Аудандық Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай онлайн форматта өткізілген аудандық «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік тірегі» атты эссе байқауы |
Зейнел Алтангул |
Диплом 2021 ж |
|
«Ана тілің-арың бұл» атты аудандық челендж «Педагогпен және ата-аналар үздік өнер көрсету» наминациясы бойынша |
Мерейхан Қ |
Мадақтама 2021 ж |
|
«Ана тілің-арың бұл» атты аудандық челендж «Педагогпен және ата-аналар үздік өнер көрсету» наминациясы бойынша |
Бахытхан А |
Мадақтама 2021 ж |
|
«Туған жерім менің – Қазақстаным!» республикалық онлайн-байқауында тәрбиеленушіні дайындаған үшін |
Искакова К.М |
Диплом 2021 ж |
|
Аудандық «Дарынды балаларға –талантты ұстаз -2021» байқауы |
Ахылова Г.Н |
Құрмет рамота 2021 ж |
|
«Дарынды балаларға –талантты ұстаз -2021» байқауы Республикалық педагогикалық олимпиадасының облыстық кезеңіне белсене қатысқаны үшін |
Ахылова Г.Н |
Сертификат 2021 ж |
|
«Үздік авторлық бағдарлама» Республикалық конкурсының облыстық кезеңіне қатысқаны үшін |
Шағуан М |
сертификат 2021 ж |
|
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің «Мекемелерде «Өзін-өзі тану» Рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асыру жолдары» атты облыстық онлайн семинарында өзінің озық тәжірибесімен бөліскені үшін |
Махшанай З |
серификат 2022 ж |
|
Ы.Алтынсаринің 180 жылдығына орай «Даланың алып қоңырауы» атты тақырыбында аудандық педагогикалық оқуда |
Ахылова Г.Н |
2 орын Мадақтама 2021 ж |
|
Ы.Алтынсаринің 180 жылдығына орай «Даланың алып қоңырауы» атты тақырыбында аудандық педагогикалық оқуда |
Хуандық А |
2 орын Мадақтама 2021 ж |
|
Ы.Алтынсаринің 180 жылдығына орай «Даланың алып қоңырауы» атты тақырыбында аудандық педагогикалық оқуда қатысқаны үшін |
Махшанай З Зейнел А Бахытхан А Мерейхан Қ Боканова Қ.М |
Сертификат 2021 ж |
|
«Тәуелсіздік ел тұғыры» атты Республикалық сырттай балаларды мәнерлеп оқудан аудандық конкурсына шәкірт дайындағаны үшін |
Ахылова Г.Н |
Алғыс хат 2022 ж |
|
«Тәуелсіздік ел тұғыры» атты Республикалық сырттай балаларды мәнерлеп оқудан аудандық конкурсына дайындағаны үшін |
Шалбаева А.С тәрбиеші |
Алғыс хат 2022 ж |
|
«Үздік психолог кабинеті-2022» аудандық сырттай байқау |
Насретхан И |
1 орын мадақтама 2022 ж |
|
«Ең үздік психолог кабинеті» облыстық конкурсына белсенді қатысқаны үшін |
Насретхан И |
Сертификат 2022 ж |
|
«Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі» атты республикалық байқауының аудандық кезеңінің |
Хуандық А |
2 орын 2022 ж |
|
Наурыз мейрамын тойлауға арналған «Шығармашылық пен шеберлік күні» атты Республикалық байқауының аудандық кезеңінде «Ханталапай» ұлттық ойынның жеңімпазы |
Балабақша |
2 орын 2022 ж |
|
«Білім беру жүйесіндегі адал жұмыс атқарғаны және кәсіби қызметте қол жеткізген нәтижелері үшін» |
Насреитхан И |
Құрмет грамотасы 2022 ж |
|
«Өрлеу» РОӘО Республикалық көлемде ұйымдастырылған байқауда білім берудегі ерекше әдіс-тәсілдері мен кәсіби шеберлігін ұсынғаны үшін |
Махшанай З |
құрмет грамотасы 2022 ж |
|
Білім беру саласына зор үлесі жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі табыстары, кәсіби шеберіліктері, педагогикалық үрдістегі жетістіктері үшін |
Дана З |
Құрмет грамотасы 2022 ж |
|
Республикалық ғылыми-педагогикалық, әдістемелік «Дидактика» журналында өз тәжірбиесімен бөлісіп, әдістемелік материалын жариялағаны үшін |
Махшанай З Хуандық А Насретхан И Дана З Зейнел А |
сертификат 2022 ж |
|
«Ахмет Байтұрсынұлы Тағылымы: Ізденіс, Тәжірібие және перспектива» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып өз тәжірбиесімен бөліскені үшін |
Махшанай З Хуандық А Насретхан И Дана З Зейнел А |
сертификат 2022 ж |
|
«Аудандық математика олимпиадасына қатысушыларды дайындаған үшін» аудандық білім бөлімінен |
Ахылова Г.Н Шалбаева А.Н |
Алғыс хат |
|
«Мәнгілік ел жастары» «Қазақтың қайсар ұлдары» атты ІҮ Республикалық онлайн байқауға шәкірттер дайындап бойларына шығармашылық қабілеттерін дамытқан үшін |
Махшанай З |
Алғыс хат 2022 ж |
Педагогикалық кеңестердің тақырыптары бойынша жылдық міндеттерді шеше отырып, педагогтар М.Монтессори технологиясы бойынша, В.Воскобовичтің инновациялық ойын технологиясын, АКТ технологиясын, ойын технологияларын оқу-ойын құралын қолдана отырып, ҰОҚ көрсетті. Семинарларға, курстарға, халықаралық, республикалық байқауларға қашықтықтан, офлайна бағыттары арқылы қатысудың арқасында "Балдәурен "бөбекжайы" МКҚК педагогтарының шеберлігі артты. Санаты бар педагогтар саны көбейді.
https://cloud.mail.ru/public/MzWi/3MEkAV6aU
https://cloud.mail.ru/public/Pnap/s59sA5oFK