Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша
2021 жылға арналған есеп
1. Жалпы ережелер
1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: «Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы білім бөлімінің
жанындағы Макинск қаласының «Балдәурен» бөбекжайы» МКҚК
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
2021 жылы ведомствоға бағынысты білім беру ұйымы 3 қызметті көрсетті;
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны – 2
электрондық нұсқада көрсетілген қызметтер саны – 0
қағаз түрінде көрсетілген қызметтер саны – 0
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
Білім беру саласында сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
«Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою»;
2. Қызмет алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет ресурста орналастырылған http://baldauren.bulandy.aqmoedu.kz/ білім басқармасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған. Сондай-ақ, балабақша мекемесінде ақпараттық стендтерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында біздің мектепке дейінгі білім беру ұйымында бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді Аkmola.kz. Жүйеде 2 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылуда.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің одан әрі тиімділігін және оның сапасына қыметті алушылардың қанағаттануын арттыру
2022 жылы біздің мектепке дейінгі білім беру ұйымда жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыратын болады.
Меңгеруші Оспанова Г.М
Орынд. Дана З
Тел.5-14-77