«Мектепке дейінгі үздік ұйым - 2022»
облыстық байқауын өткізу туралы
ЕРЕЖЕ
1.1. Осы Ереже «Мектепке дейінгі үздік ұйым – 2022» облыстық байқауының (бұдан әрі – Байқау) мақсаты мен міндеттерін айқындайды, ұйымдастыру тәртібі мен өткізу шарттарын белгілейді.
1.2. Байқау ҚР БҒМ «Балаларды ерте дамыту институты» РММ-нің (бұдан әрі – Институт) 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі.
1.3. Мақсаты: мектепке дейінгі білім берудің үздік үлгілерін анықтау және жариялау, мектепке дейінгі ұйымдардың шығармашылықпен жұмыс істейтін ұжымдарын қолдау және ынталандыру.
1.4. Міндеттері:
- мектепке дейінгі ұйым ұсынатын білім беру қызметтерінің сапасын арттыру;
- мектепке дейінгі ұйымының қызметін басқару және ұйымдастыру, сапасын арттыру;
- веб-сайттың жұмысын белсендіру;
- мектепке дейінгі білім беру жүйесі педагог қызметкерлерінің шығармашылық бастамаларын дамыту, педагогтерді инновациялық қызметке ынталандыру;
- мектепке дейінгі ұйымдардың шығармашылық ұжымдарын анықтау, қолдау және ынталандыру, инновациялық тәжірибені тарату.