Ойын арқылы оқыту біздің тәжірибе
Ойын – балалар үшін күрделі әрекет, ол білімді, ақылды ұйымдастыруды қажет етеді. Ал білімді бала қайдан алады? Оған бала ойын арқылы өзі үйренеді, үлкендер де үйретуге тиіс. Ойынның өз мақсаты, жоспары, арнайы заттары, т.б. көптеген ерекшеліктері болады.
Ойын – балалардың негізгі іс – әрекетінің бір түрі. Ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады, яғни ойын арқылы бала білім алады. Бала зейіні қажет ететін, әдейілеп ұйымдастырылған ойындар оның ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез – құлқын, ерік – жігерін қалыптастырады.
Сол себептен біздің педагогтар мен тәрбиешілеріміз өздерінің ұйымдастырылған іс –әрекеттерінде ойын арқылы оқыту мен тәрбиелеу процесіне көп көіл бөледі. Түрлі дамытушы ойындарды ойната отырып ойдан-ойға жетелейтін, қиялдарына қанат бітіртіртетін, ғажайып әлеміне жетелейтін және денсаулықты нығайтатын ойындар ұйымдастырады.
Үстел үсті ойындарды ұйымдастыруда педагогтарымыз Хуандых Арайгул, Махшанай Замзагул, Бахытхан Анар, Боканова Қымбат, Хажмурат Адилгул, Мерейхан Қырмызы, психолог Насретхан Индира, домино, лото, суреттер қолданады. Мысалы: «Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды», «Бір сөзбен ата», «4-не артық?» т.б. Танымдық мазмұны бар ойындарды күнделікті өмірімен ұштастырып балалардың қиялдарын қозғап, зейіндерін кеңейтуге бағыттайды. «Санамақ», «Он саусақ» өлеңдерін жаттатып, мазмұнын түсіндіру арқылы балалардың тілін ұшастартып, логикалық ой – жүйелерін қалыптастыруға баулиды. Балалардың белсенділігін арттыра түсу мақсатында әрбір ойындарды түрлендіріп өткізіп отырады. Заттармен ойналатын ойындар: «Ғажайып қапшық», «Қай ағаштың жапырағы?», «Қай қолымда?», «Қанша тұяқ?», «Неше жапырақ?» т.б.
Ойынның барысында тәрбиеші балалардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар, олардың ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуге жетелейді.
Ғұлама ғалым ағартушы Ахмет Байтұрсынов: «Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай һам күшті болуымыз керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» деп айтқандай. Біздер педагогтар білім беру ісіндегі бүгінгі күннің өзекті мәселесі ел ертеңін ойлайтын білімді де, білікті зейінді дезерделі ұрпақ тәрбиелеу. Балаларды мейірімділікке, әділеттілікке, әдептілікке тәрбиелейік.
https://cloud.mail.ru/public/dFsx/xzwXDFixe