«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдәурен» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
 Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли - сад «Балдаурен» города Макинск при отделе образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Семинар-практикумне қатысу «Педагогикалық шеберлік шыңына жету жолдары» тақырыбында брифинг 19 ақпан 2025 жылы өткізілді.

20.02.2025

Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорныда 2025 жылдың 19 ақпаны күні мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің оқытушыларымен ұйымдастырылған «Педагогикалық шеберлік шыңына жету жолдары» тақырыбында брифинг өткізілді.

 Брифингтің мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдарда оқу-тәрбие әрекеттерін ұйымдастыруды цифрландыру мәселелері және оны шешу жолдарын, іс-әрекетті ұйымдастырудың жаңашыл әдіс-тәсілдерін практика жүзінде көрсетіп, тәжірибесімен бөлісу.

Семинар-практикумның міндеттері:

– мектепке дейінгі ұйымдарда оқу-тәрбие әрекеттерін ұйымдастыруды цифрландыру мәселелерін айқындау және талдау;

        – мектепке дейінгі ұйымдарда оқу-тәрбие әрекеттерін ұйымдастыруды цифрландыру мәселелерін шешу жолдарын көрсету;

– мектепке дейінгі ұйымдарда іс-әрекетті ұйымдастырудың жаңашыл әдіс-тәсілдерімен бөлісу;

– мектепке дейінгі ұйымдардағы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде

 мектеп жасына дейінгі балаларды ұлттық мәдениет пен дәстүр, рухани-адамгершілік құндылықтар арқылы баланың жеке қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған озық тәжірибелерді анықтау, насихаттау.

Күтілетін нәтиже: мектепке дейінгі ұйымдарда оқу-тәрбие әрекеттерін ұйымдастыруды цифрландыру мәселелерін талдайды және шешу жолдарын көрсетеді. Мектепке дейінгі ұйымдарда «Біртұтас тәрбие» мен іс-әрекеттерді ұйымдастырудың жаңашыл әдіс-тәсілдерін практика жүзінде көрсетіп, тәжірибесімен бөліседі.  

Мақсатты аудитория: Ақмола облысы аймағындағы мектепке дейінгі ұйымдардың мамандары мен  мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің педагог-мамандары мен колледж студенттері.

Өткізу орны: Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі, Боровской, 76. Салтанат залы.

Өткізу мерзімі:  19 ақпан, 2025 жыл. Сағат: 10.00.

Просмотров: 401


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст