«Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы білім бөлімінің жанындағы Макинск қаласының «Балдәурен» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
 Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли - сад «Балдаурен» города Макинск при отделе образования по Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Абзал Құспан: «Адвокатура институты – адам құқықтарын қорғаудың тікелей тетігі»

03.02.2026

Абзал Құспан: «Адвокатура институты – адам құқықтарын қорғаудың тікелей тетігі»

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абзал Құспан Конституция жобасындағы басты жаңалықтардың бірі – адвокатура институтының Ата Заңда бекітілуі екенін атап өтті.

Депутаттың айтуынша, Конституция еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін әр азаматтың өміріне әсер ететін аса маңызды саяси-құқықтық құжат. 

Осы тұрғыдан алғанда адвокатура институтын Конституцияға енгізу оның преамбуласында көрсетілген Әділетті Қазақстан, Заң мен тәртіп қағидаттарымен және халықаралық деңгейде мойындалған Миранда құқығымен тікелей байланысты.

«Егер бұл қағидаттар Конституцияда бекітіліп, ал адвокатураға қатысты мәселе шешімін таппағанда, олар декларация деңгейінде қалып қояр еді. 

Себебі адвокатура институты адам құқықтарын нақты өмірде іске асыратын тікелей механизм болып табылады», – деді Абзал Құспан.

Просмотров: 448


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст