Тақырыбы: «Геометриялық фигуралардың ғажайып әлемі» (Қайталау сабақ)
Мақсаты: Ойын арқылы балалардың қарапайым математикалық ұғымын қалыптастыру. М. Монтессори әдісі бойынша қол, саусақ моторикасын дамыту. Балалардың геометриялық пішіндер туралы түсінігін кеңейту. Балаларды ұйымшылдыққа, зеректікке баулу, ойынның шартын сақтап ойнауға, ұйымшыл, көпшіл, шыдамды, сабырлы, шапшаң болуға тәрбиелеу.
Алдын - ала жүргізілетін жұмыстар: математикалық ұғымдар туралы әңгімелеу.
Әдіс - тәсілдер: көрсету, әңгімелеу, сұрақ – жауап, түсіндіру.
Қажетті көрнекі құралдар: перне тақта, үлестірмелі материалдар, дидактикалық ойындар, М. Монтессори құралдары.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі. Шаттықшеңбер.
Кел достарым, келіңдер,
Қолдарыңды беріңдер.
Шаттық толы шеңберге,
Қуанышпен еніңдер.
Көкке шуақ шашылып,
Құтты қонақ келіпті,
Төріме міне еніпті.
Амандасу үлкенмен,
Тәрбиенің басы ғой,
Ал кәнекей бәріміз
Сәлем дейік үлкенге.
-Сәлеметсіздер ме қонақтар.
ІІ. Ғажайып сәт.Есік қағылып, үшбұрыш, төртбұрыш және дөңгелек фигураларының кейіпкерлері кіреді.
Тәрбиеші: -Балалар, қараңдаршы кімдер бізге қонаққа келді екен?
Балалар: Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек –деп жауап береді.
Үшбұрыш: – Ия,балалар дұрыс айтасындар мен үшбұрышпын!
Тәрбиеші: -Балалар, үшбұрыштың неше бұрышы, неше қабырғасы бар екен?
1-бала: Үшбұрыштың үш бұрышы, үш қабырғасы, үш төбесі бар.
Төртбұрыш: – Мен төртбұрышпын!Мені дұрыс таптындар!
Тәрбиеші: -Балалар, төртбұрыштың неше бұрышы, неше қабырғасы бар екен?
2-бала: Төртбұрыштың төрт бұрышы, төрт қабырғасы бар.
Дөңгелек: -Мен дөңгелекпін!
Тәрбиеші: -Балалар, неге бұл дөңгелек пішін?
3-бала:Дөңгелектің бұрышы болмайды. Ол шексіз. Бір нүктеден басталып, сол нүктеден аяқталады.
Тәрбиеші: -Балалар, геометриялық фигуралар бізге жай келген жоқ, олар сендердің білімдерінді тексеруге, сендерге тапсырмалар ала келді.
Балаларды топқа бөліп, геометриялық фигуралардың тапсырмаларын орындайды.
Үшбұрыштың тапсырмасы:«Бір түсті пішіндерді топтастыр»
Мақсаты: балалардың бір түсті пішіндерді ажыратып, топтай білуге үйрету. Балаларойыншартына сайбіртүстіпішіндердітоптастырады.
Төрбұрыштың тапсырмасы: Төртбұрышты фигуралардың қимасын қиып алу. Қайшымен жұмыс.
Дөңгелектің тапсырмасы: Плакаттағы нүктелерді қосу арқылы дөңгелек пішінді фигураны сызу және қыстырғыштармен күн сәулесін жасау.
Ойын: «Сиқырлы қапшық»
Шарты:Сиқырлы қапшықта қандай геометриялық фигуралар жатқанын сипау арқылы тауып, атау.
Дөңгелек: Балалар сендер тапсырмаларды жақсы орындадыңдар. Біз күн бейнесін құрадық, қыстырғышпен сәулелерін жасадық. Олай болса, балалар осы күндей жайнап, жадырап жүре беріңдер деп мен сендерге осы күнді сыйламақшымын. Рахмет. Сау болындар!
Тәрбиеші: -Ал балаларфигуралармен таныстық. Енді білімдерімізді әрі қарай жалғастырайық. - Ол үшін мен сендерді Монтессори аймағына шақырамын. Өздерін қалаған аймаққа барып, қалаған іс –әрекеттеріңді жасауға болады. Монтессори аймағындағы ережелерді сақтаймыз, бір-бірімізге кедергі келтірмей, көмек көрсетіп, бірігіп жұмыс жасаймыз.
Балалар қалаған тапсырмаларын өздері таңдап алады. Тапсырмаларды тәрбиешінің қадағалауымен орындайды. Орындарымен ауысып жұмыс жасайды.
Қорытынды. –Балалар сендер бүгін өте жақсы жұмыс жасадыңдар. Көп білім алдындар. Фигуралар туралы білімдерінді кеңейтіндер. Сендерге бүгінгі оқу іс –әрекет ұнады ма? Мен сендерге рахметімді айтып, сендерге жұлдызша сыйлағым келеді. Енді қонақтармен қоштасайық. Сау болындар!