Текст
Көктемгі су тасқыны кезінде мұз үстіне шықпаңдар. Қолдан жасаған салдарда, тақтайларда, бөренелерде және жүзіп жүрген мұздарда жүзбеңдер. Бір мұздан екінші мұзға секірмеңдер. Жарлы және жайылымды жағада тұрмаңдар - олар опырылып кетуі мүмкін. Көпірден, айлақтан сең жүргенін бақылап тұрсаңдар оның қанаттарымен, қоршауларынан ұстап иілуге болмайды. Егерде сендер өзенде және көлде бақытсыз жағдайдың куәсі болсаңдар, естеріңді шығармаңдар, үйлеріңе қашпаңдар, дауыстап көмекке шақырыңдар, ересектер естіп, қауіпті жағдайдан алып шығуға көмектеседі. Су тасқыны кезінде кептемелерге, салдарға, бөгеттерге жақындамаңдар, ол жерлерде ойнауға болмайды