Текст
Көктемгі алғашқы мереке қарсаңында барлық жерде барша әйелдер қауымы құрметіне мерекелік шаралар өткізіледі. Құттықтау іс-шаралары біздің б-бекжайымызда да өткізілді, тәрбиеленушілер 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік құттықтауларын біздің аналарымызға, әжелерімізге, қыздарымызға, тәрбиешілерге, барлық бөбекжай қызметкерлеріне арнады.
Бөбекжайдың керемет жандарын тек қана тәрбиеленушілер емес,сонымен қатар жігерлі еркектер қауымы да құттықтады.